«Айқын» сервисі – дебюрократия құралы»

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Өтініштер азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың ең маңызды функцияларын орындайды, сондай-ақ бұл мемлекетті басқаруға қатысудың конституциялық құқықтарын жүзеге асыру нысаны, халық билігі мен демократия нысандарының бірі.

Біздің әрқайсымыз бір рет болса да жер беру, жұмысқа орналасу туралы және т.б. өтінішпен түрлі органдарға прокуратура, сот, полиция немес әкімдікке жүгінген болармыз.

Кейін сол жауапты күту сәті келіп жетеді, жақсы болғанда оң жауап, жоқ дегенде заң нормаларын түсіндірумен жауап күтіледі.

Бұл ретте, мәселеңді шешуге кірісті ме, әлде «кейінге» қалдырылды ма, болмаса ол өтінішпен басқа орган айналысып жатыр ма деп тек болжам жасауға болатын.

«Айқын» сервисі азаматтардың өтініштеріне мән бермей, қайта жолдап, оның ары қарай қозғалуына жол бермей қаттап жинақтап жатқандығын бақылауға мүмкіндік береді.

Бүгінгі күні «Айқын» ақпараттық сервисі халық арасында танымал, құжаттардың өту рәсімінің айқындылығын қамтамасыз ететін құрылғы ретінде белгілі, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қажетті шара болып табылады.

Сервистің мүмкіндігі үйден шықпастан арыз иесіне өз өтініші бойынша түгел ақпаратты ұсынуға негізделеді, сол арқылы азаматтарға уақытылы және мазмұнды жауап беруге мүдделі мемлекеттік органдардың орындаушыларына белгілі жағдайларды жасайды.

Осы бағыттағы «Айқынның» оң жұмысы туралы жауаптарды ұсыну мерзімдері бұзушылықтарының екі есеге дейін едәуір төмендеуі растайды (3 156-ға қарсы 1 640).

Сондай-ақ, қаралып жатқан өтініштердің сапасы едәуір жақсарды, мемлекеттік органдар және жергілікті басқару органдары 984 336 – өтініштердің ортақ санынан тек 321-ін немесе 0,04% ғана қайта қарады.

Халық үшін бүкіл Қазақстан бойынша аталған сервисті кеңінен жариялау жұмыстары жүргізілуде, соның ішінде қоғамдық көліктерде.

Мысалы, азаматтарға қолайлы болу үшін «Айқын» туралы ақпаратты белгілі істерден үзілместен автобуста, электричкада, поезда отырып-ақ білуге болады.

Сонымен қатар, ыңғайлы болу үшін азаматтарға өтініштерді қарау нәтижелерін көру мүмкіндігін ұсынып қана қоймай, мемлекеттік органдардың аймақтар бойынша және қажетті әлеуметтік-маңызды мәселелер бойынша өтініштермен жұмыс жасауының толық сипаттамасын, Комитеттің әрбір аумақтық бөлімшесі бойынша орындаушылардың телефон нөмірлерінің анықтамалығын, өтініші үлгілерін, заңдарды көруге болады.

«Айқын» ақпараттық сервисін жетілдіру жұмысын бұдан әрі жалғастыру үшін Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетіне Республикамыздың әрбір азаматының пікірі мен ұсынысы маңызды.

Осыған байланысты, өз ұсыныстарыңызбен 8 7172 317800 телефон нөмірі бойынша хабарласуларыңызды сұраймыз.

Толық ақпаратты Интернет желісі арқылы «service.pravstat.kz» электрондық мекенжайы бойынша алуға болады.

 

Марат Алиханов, ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және  арнайы есепке алу жөніндегі комитеті Төрағасының орынбасары

 

«Заң және заман» журналы

№6(186) маусым 2016