Қорғау да, қолдау да парыз

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бұрын біздің алдымызға құ¬қықтық ақпараттарды жинақтау жөнінде біржақты тапсырма ғана қойылса, қазір тақырыптық сараптама мен қадағалау жұмыстарын қоса өрбітіп отырмыз. Біздегі бүкіл ақпа¬рат шапшаң реттеліп отыратын 5 авто¬маттандырылған жүйеге жинақталған. Оларда қылмысты тіркеу сатысынан бас¬тап істі сотта қарау нәтижелеріне дейінгі біртұтас есепке алу деректері қамтылған. Жұмысты осылайша құрылымдау елі¬міздегі қылмыстық ахуал туралы күн¬бе-күн нақты статистика түзіп отыруға мүмкіндік береді.
Сөйтіп, бұларды реттеп ал¬ғаннан соң қыл¬мыстың нақты көрінісін алуға кедергі келтіріп келе жатқан жайттарды ашу жолдарын ойластыра бастадық. Оның басында қылмыстарды жасырып қалу мәселесі тұрды. Мұның алдын алуға 2011 жылдан бастап барлық құқық қорғау органдарына жаппай енгізілген электронды тіркеу әдісі өз жемісін берді. Бұл тәсіл бүкіл есепке алу-тіркеу тәртібіне түбірлі өзгеріс әкелді десек дұрыс болар.
Енді өткен 2012 жылдың қоры¬тын¬дысын сараптай келе, Елбасы алды¬мыз-ға қойған қылмыстылықты есепке алу¬ды жетілдіру жөніндегі міндеттерді орындай алдық деп батыл айта аламыз. Сөйтіп, етектен тартқан қылмысты жасырып қалу сияқты келеңсіз жайттан біртіндеп құтылып, алғаш рет еліміздегі қылмыстық ахуалдың көрінісіне қол жеткіздік.
Мәселен, осы әдіс енгізілгеннен ке¬йін 2011 жылы 2010 жыл¬ға қарағанда 75 мың қылмыс артық тіркелген. Бұ¬рынғы тіркелмей жасырылып келген қылмыстар жаңа жобаның арқасында су бетіне қалқып шықты. Ал өткен жылы тіркелген қылмыстар саны бұрнағы жылмен салыстырғанда 39,1 пайыз артқан. Бұл бұрын көбірек жасырылатын ұрлық, бұзақылық, алаяқтық, тонау сияқты қылмыс түрлері есебінен болып отыр. Қыл¬мыстың бұл түрлері жалпы тіркелген қылмыстың 83 пайызын құрайтынын айтсақ, мәселенің мәнісі түсінікті бола түсері анық. Ал жасырып қалуы қиын аса ауыр қылмыстар керісінше 12,5 пайызға, оның ішінде кісі өлтіру 10,8 пайызға кеміген. Демек, тіркелген қылмыстар санының өсуі елімізде криминогендік ахуал қиындап кетті дегенді тіпті де біл¬дірмесе керек.
Жалпы, қылмыстар туралы арыз-шағымдардың тіркелуінің жақсаруы олардың қаралу сапасын да арттыруға жол ашқаны сөзсіз. Мәселен, бүгінде түскен арыздардың 70 пайыздан астамы алғашқы 3 тәулік ішінде қаралады. Бұрынғы жылдары бұл көрсеткіш 50 пайыздан жоғары болмайтын. Ал істің одан әрі қалыпты жүруі үшін қылмыс туралы ақпардың алғашқы тәулікте қаралуының маңызы зор.
Біз бұл жаңалығымызды одан әрі жал¬ғастырып, енді азамат¬тарымызға өз өтініштерінің тағ¬дырын өздері қадағалап отыруына мүмкіндік жасап бердік. Бұл үшін арыздың қабылданғаны туралы хабарлама – талонды одан әрі жетілдірдік. Яғни, арыз берген адамға арнайы нөмірі бар талон берілетін болды, ол арқылы арыз беруші Интернет, СМС-хабарлама немесе біздің Колл-орталыққа қоңыру шалу арқылы өз өтінішінің бүкіл қаралу барысын біліп отыра алады.
Одан әрі бұл әдіс те өзін-өзі ақтағаннан кейін, электронды талонды полицияға берілетін арыз¬дарға ғана емес, енді мем¬лекеттік органдарға берілетін өтініш¬тер бойынша да қолдануды қолға ал¬дық. «Айқын» деп аталатын бұл жоба арқылы арыздардың би¬ліктің барлық деңгейінде қара-луы барысының ашықтығына қол жеткізуді діттеп отырмыз. Был¬тырғы жылдың 1 шілдесінен бас¬тап бұл жоба министрліктер мен ведомстволардың орталық аппараттарына енгізілді. Үсті¬міздегі жылы облыс әкімдіктері аппараттары барлық арыз берушілерге талон бере бастайтын болады. Ал 2015 жылға дейін оны аудандық әкімдіктер деңгейіне дейін жеткізбекшіміз. Адамдардың араласуын одан әрі азайту мақсатында енді электронды қолтаңба арқылы арыз беру тетігі жүзеге асырылуда. Мұндай арыз автоматты түрде базаға түседі де, оны енді кезекші де, тіпті тергеуші де жоя алмайды.
Қылмыстар туралы ақпа¬рат¬тардың өзектілігін қамтамасыз ету талдау тақырыбына тереңірек бойлауға мүм¬кіндік берді. Сөйтіп, жаңа талдамалық бағдарлама жасадық. Ол арқылы қалаған аймақ¬тағы қылмыстар санын ғана емес, қалауымызша оның себебін де көре аламыз. Мәселен, бұл жоба арқылы қаласақ жұмыссыздар жасаған қылмыстардың өсу немесе өшу барысын бақылай аламыз. Ал бұл мәліметтер болса еңбек және әлеуметтік қорғау органдары үшін аса пайдалы болары анық.
Аймақтағы қылмыс ахуалын, оның құрылымы мен маусым¬дылығын біліп отырудың да маңызы зор. Бұл мақсатта біз «Қылмыстылық қартасын» жасадық. Ол арқылы аймақтағы қыл¬мыс ахуалы туралы мәліметтерді кез келген уақытта ала аламыз. Мәселен, Астананың осындай қартасы арқылы біз нақты уақыт ішінде қаланың, көше мен әр ғимаратқа дейінгі неғұрлым қылмыстар телімін тап басып айта аламыз. Осы қартаға қарап ішкі істер органдары қылмысты нүктелерге өз жасақтарын жіберуіне болады.
Биылғы жылдан бастап «Қыл¬мыстылық қартасы» барлық облыс орталықтарында іске қосылды. 2000 жылдан бастап мем¬лекеттік органдардың барлық тек¬серулері бізден тіркеуден өтетіні белгілі. Әлбетте, бұл тексерулерді ретке келтіру және жеке кәсіпкерлердің еркін дамуы үшін аз нәрсе жасалып отырған жоқ. Тексерулерді тіркеуден бас тартудың мер-зімдерінің сақталмауы, жиілігі сияқты нормалары да қарастырылды. Алайда, тексерушілер жоқ жерден саңылау тауып шығып кететін жағдай тыйылмады. Мұндай келеңсіз кө¬ріністің жолын кесу үшін біз кәсіпкерлерге тексерушілерді өз¬дері бақылай алатын мүмкіндік аштық. Осы мақсатта кәсіпкерлерге тексеру жүргізудің ашықтығын қамтамасыз ететін «Бизнес тірегі» жобасын енгіздік.
Енді кәсіпкердің өзі тіркеу нөмірі ар¬қылы, сол құралдар жи¬ын¬тығын қолдана отырып, яғни сайт, ұялы байланыс немесе Call-орталығына телефон шалу арқылы ол тіркеудің шынайылығын, тексерушілер туралы ақпаратты, сондай-ақ, тексеру мәні мен кезеңін анықтай алады.
«Бизнес тірегі» жобасы жылдан жылға кәсіпкерлер арасында танымал болып, олардың шын мәнінде тірегіне ай¬налып отырғаны көңіл қуантады. Ол енгізілгеннен бастап Комитеттің элек¬тронды порталына 9758 кәсіпкер жүгінгені соның дәлелі болса керек. Осылардың жартысынан астамы 2012 жылы түскен, ал екі мыңнан астамы СМС хабарламалар арқылы жолданған.
Ең бастысы, егер тексерушілер тексеру шегінен шығып кетсе, кәсіпкер «Бизнес тірегі» порталы арқылы бұл туралы хабарлай алады. Бұған Бас Прокурордың арнайы бұйрығымен құрылған барлық аумақтық прокуратуралардың жанындағы жедел топ шұғыл жетіп, кәсіпкерді заңсыз тексерістен қолма-қол арашалап алады.
Енді құқық қорғау және арнайы орган¬дардың ақпарат алмасу жүйесі аясында елдің барлық дерек қорларынан іздеу салынған адамдар жасаған операциялар туралы мәлімет жинақталып, қажетті деректер іздеу салып отырған органға он-лайн режімінде берілетін болады. Жүйе құқық қорғау органына іздеу салынған адамның іс-әрекеті туралы автоматты түрде хабар береді.
Бұл жүйе қазірдің өзінде өз жемісін бере бастады. Мәселен, Алматы қаласында мемлекетаралық іздеу жарияланып, жазадан бой тасалап жүрген екі адам ұсталды. Олар Халыққа қызмет көрсету орталығына соттылығы жөнінде анықтама алуға келген жерінде көзге шалынып, біздің ақпарат бойынша іздеу салған органға хабар берілген.
Сонымен қатар, бұл жүйе же¬ке және заңды тұлғалар, жеке мен¬шік нысандары туралы деректер, құжаттандыру, жүргізуші куә¬лігін беру, нотариалдық қызмет, зейнетақы, жәрдемақы төлеу, қылмыстық істер туралы жүйелер және т.с.с. ортақ дерек қорына қосылған.

Сәуле АЙТПАЕВА,
Бас прокуратураның Құқықтық статистика
және арнайы есепке алу жөніндегі
комитетінің төрайымы.

http://www.egemen.kz