КӘСІПКЕРЛІКТІ ҚОРҒАУДЫҢ ЖАҢА ЖОБАЛАРЫ

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

 

Елбасының халыққа Жолдауларында және басқа да жиындарда кәсіпкерлікті қолдау жайын үнемі айтып келеді. Осыған орай елі­міздің прокуратура органдары бұл мәселені өздерінің басты назарына ұстап отыр. 
Жа­қын­да Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінде осы ведомствоның басшысы Сәуле Айтпаева­ның төрағалық етуімен бизнесті қорғау және тексерудің ашықтығын қамтамасыз етуге ба­ғытталған жаңа жобалар туралы мәселелер бойынша семинар-кеңес өтті. 
Мемлекеттік бақылаушы органдары бас­шылары мен қызметкерлері қатысқан бұл шара барысында тексерулерді жоспарлау мен тіркеудің жаңа электронды жүйелерінің мүм­кіншіліктері көрсетілді.
Тексерулерді жоспарлау мен тіркеудің бұл электронды жүйесі Комитеттің мүлдем жаңа жобалары болып табылады.
Олардың негізгі мақсаты – тексерулерді жоспарлау мен тағайындаудан бастап олардың қорытындысын шығарғанға дейінгі барлық кезеңдерінің барынша ашықтығын қамтамасыз ету.
Электронды жоспарлаудың мәні сонда, ол бақылау мен қадағалау органдарының тексе­рулерін жоспарлау кезінде бұл жүйе элек­трон­ды мониторинг арқылы жоспарлы тексеру­лерді реттеп, жеке кәсіпкерлік субъектісіне қа­тысты тексерулердің қайталанбауын қада­ғалап отыруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, мемлекеттік тіркеуден өткеніне 3 жыл толма­ған шағын бизнес субъектілеріне қатысты тек­серу жоспарлау мүмкіндігіне тосқауыл қо­йылатын болады.
Бұл жүйенің «е-жоспар» деген жұмыс ба­бындағы атының өзі «е-үкімет» және басқа да ұқсас ұғымдар сияқты пайдаланушылардың күн­делікті жұмысына сіңісіп кетеді деген үміт бар.
Тексерулерді электронды тіркеудің екін­ші жүйесі бақылаушы органдар жұмысын айтарлықтай жеңілдетеді, өйткені бұл ретте олар тексерулерді кабинеттен шықпай-ақ өзі­нің жұмыс компьютерімен тіркеу мүмкін­ді­гіне ие болады.
Мемлекеттік органдар «он-лайн» режимін­де жіберген тексеру тағайындау туралы барлық мәліметтер біртұтас деректер қорына келіп түседі де мүдделі органдарға электронды жур­нал түрінде автоматты түрде беріледі, ал кә­сіпкерлер болса өз кезегінде ақпараттарды «Биз­нес тірегі» порталы арқылы интернетпен алады.
Бұл ретте жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік органдардың заңсыз тексеруінің жолын ке­суде Комитет сайтында 2011 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан осы «Бизнес тірегі» порталы зор рөл атқарып отырғанын айта кет­кен лазым. Егер осы порталға сол ашылған жылы кәсіпкерлер араша сұраған 2700 өтініш пен 1100 СМС-хабарлама келіп түссе, бүгінгі күні 21 мыңнан астам өтініш пен 3 мыңға жуық СМС-хабарлама келіп түскен. Бұл осы қызметтің кәсіпкерлер арасында барған сайын танымал бола түскенінің дәлелі болса керек.
Тағы бір айта кететін нәрсе, биыл кәсіп­кер­лерден келіп түскен өтініштердің 70 пайы­зында заң бұзушылық фактісі анықталып, оларға прокурорлық ықпал ету шаралары қол­данылды. Яғни мыңдаған кәсіпкерлердің құ­қығы қорғалуда. Анықталған заң бұзушылық фактілері бо­йынша 1200-ден астам лауазымды адамдар жауапқа тартылды.Бас прокуратураның барлық енгізіліп отыр­ған жобалары Мемлекет басшысының мемлекеттік органдардың бақылау-қадағалау қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету жө­нін­дегі нұсқауларын жүзеге асыруға бағыт­тал­ған.
Бұл жаңа жобалар да Елбасы Бас про­ку­ратура алдына қойған кәсіпкерлерді тексеру­лерді азайту және мемлекеттік органдар та­ра­пынана заң бұзушылықты болдырмау бо­-
йын­­ша пәрменді шаралар қолдану жөніндегі тапсырмаларын орындау мақсатында жаса­лынып отыр. 2014 жылдың бірінші жарты­жыл­дығында 52000 астам кәсіпкерлерге бай­ланысты тексерулер жоспарланып отыр, ол 2013 жылдың осындай кезеңімен салыстыр­ған­да 32%-ға кем.
Бұл аталған жаңа жобалар келесі жылдың басынан бастап іске қосылатын болады.

 

Сәбит НҰРЛЫБАЙ,

ҚР Бас прокуратурасының

Құқықтық статистика және арнайы

есепке алу жөніндегі комитеті

Төрағасының Бірінші орынбасары

«Айқын», 23.12.2013ж.