Аттестацияны өткізу туралы

13 мамыр 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 8 шілдедегі №1612 Жарлығымен бекітілген, Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының қызметкерлерін аттестациядан өткізу туралы үлгі ереженің  (одан әрі – Ереже) 27-тармағына сәйкес, Ақтау қаласы, 9 ш/а, 23/2 ғимаратында орналасқан «Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Маңғыстау облысы бойынша басқармасы» ММ-де 2019 жылғы 16 мамыр айында сағат 15:00-де аттестаттау комиссиясының отырысын өткізу жоспарланды.

Ереже бойынша аттестаттау комиссиясы жұмысының ашықтығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына үшеуден аспайтын байқаушылар тартылады.

Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихаттардың депутаттары, қоғамдық бірлестіктердің өкілдері байқаушылар бола алады.

Аттестаттау комиссиясы отырысына байқаушы ретінде қатысу үшін «Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Маңғыстау облысы бойынша басқармасы» ММ кадр бөлімшесіне  8(7297)-42-72-70 телефон нөмірі арқылы хабарласу қажет.

  

 

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу