Аттестацияны өткізу туралы 23.07.2019

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 8 шілдедегі №1612 Жарлығымен бекітілген, Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының қызметкерлерін аттестациядан өткізу туралы үлгі ереженің  (одан әрі – Ереже) 27-тармағына сәйкес, Қостанай қаласы, Темірбаев көшесі, 13 үй мекен-жайы бойынша орналасқан «Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Қостанай облысы бойынша басқармасы» ММ ғимаратында 2019 жылғы 29 шілдеде сағат 11:00-де аттестаттау комиссиясының отырысын өткізу жоспарланды.

Ереже бойынша аттестаттау комиссиясы жұмысының ашықтығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына үшеуден аспайтын байқаушылар тартылады.

Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихаттардың депутаттары, қоғамдық бірлестіктердің өкілдері байқаушылар бола алады.

Аттестаттау комиссиясы отырысына байқаушы ретінде қатысу үшін «Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Қостанай облысы бойынша басқармасы» ММ кадр бөліишесіне  8 (7142)-53-63-99 телефон нөмірі арқылы хабарласу қажет.