Комитет Төрағасы Жақыпбаев Қайрат Төлегенұлы

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Соңғы лауазымы: Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Төрағасы

 

Туған жылы: 15.02.1964

 

Туған жері: Шымкент қаласы

 

Отбасылық жағдайы, туысқандық байланыстар:

  • Үйленген
  • Балалары: Екеу

 

Тіл меңгеруі:

  • Қазақ, орыс

 

Білімі, мамандығы (біліктілігі), лицензиясы:

  • С.М. Киров атындағы Алматы қаласы Қазақ мемлекеттік университеті (1985)

         Мамандығы  «Құқықтану»

  • КСРО, Мәскеу қаласының Прокуратура органдары басшы кадрларының біліктілігін арттыру институты (1990)

Еңбек өтілі:

  • ОҚО Шымкент қаласы, Абай ауданы прокуратурасының тергеушісі  (08.1985-04.1988);
  • ОҚО прокуратурасы тергеу басқармасының прокуроры (04.1988-03.1991);
  • ОҚО прокуратурасы тергеуді қадағалау жөніндегі бөлім бастығының орынбасары (03.1991-12.1991);
  • ОҚО Арыс қаласының ауданаралық прокуроры (12.1991-10.1993);
  • ҚР Бас прокуратурасы Аса қауіпті қылмыстарды тергеу жөніндегі басқармасының бастығы (10.1993-12.1995);
  • Мемлекеттік тергеу басқармасы басшысының орынбасары, Жалпы қылмыстық тергеулер бас басқармасы басшысының бірінші орынбасары, Әскери тергеу департаментінің басшысы, ҚР МТБ алқасының мүшесі (12.1995-11.1997);
  • ҚР ІІМ Әскери-тергеу департаментінің бастығы (11.1997-02.2000);
  • ҚР Парламентi Мәжiлiсi Аппаратының Заң шығару және мониторинг орталығының директоры, Заңнама бөлімінің меңгерушісі (02.2000-12.2004);
  • ҚР Қаржы министрінің қаржылық бақылау және мемлекеттік сатып алу комитетінің Төраға орынбасары (12.2004-02.2006);
  • ҚР Парламент Мәжілісінің Төраға кеңесшісі (02.2006-05.2008);
  •  «KEGOC»  электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы» АҚ Құқықтық сүйемелдеу және тәуекелдер жөніндегі басқарушы директоры (05.2008-05.2017);
  • Заңды күшіне енген сот актілерінің және олардың орындалу заңдылығын қадағалау департаментінің бастығы (05.2017- 10.2017);
  • Заңды күшіне енген үкімдердің және олардың орындалуы заңдылығын  қадағалау қызметінің бастығы (10.2017 -05.2018);
  •  Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Төрағасы (05.2018 жылдан бастап)

Мемлекеттік және халықаралық марапаттары, сыйлықақысы,  құрметті атақтары:

  • Атағы: ҚР ішкі істер органдарының құрметті қызметкері, ҚР прокуратура органдарының құрметті қызметкері;
  • II-дәрежелі «Даңқ» ордені (2018).